"Барыс" Юрий Михайлисті отставкаға жіберуі мүмкін

"Барыс" командасы Құрлықтық хоккей лигасында "Северсталь" командасынан ұтылса, Юрий Михайлис қызметінен кетуі ықтимал. Бұл туралы "Спорт-Экспресс" басылымы хабарлайды.
"Барыс" командасы Құрлықтық хоккей лигасында "Северсталь" командасынан ұтылса, Юрий Михайлис қызметінен кетуі ықтимал. Бұл туралы "Спорт-Экспресс" басылымы хабарлайды.
Бұл ойын бүгін, 20-қараша күні Череповец қаласында өтеді.
Аталған матч алдында елордалық команда қатарынан төрт ойында жеңіліп, 29 ойыннан кейін 24 ұпай жинап, Шығыс конференциясында тоғызыншы орында тұр.
Соңғы ойындарда "Барыс" "Йокерит" (1:4), "Трактор" (4:5 ОТ), "Сочи" (2:5) мен "Спартак" (2:5) командаларынан жеңілді.
Жарнама