"Барыс" үш сәтсіз ойынынан кейін "Аваргардты" жеңді

"Барыс" Құрлықтың хоккей лигасында "Авангард" командасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Барыс" Құрлықтың хоккей лигасында "Авангард" командасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда өткен кездесу 1:0 есебімен біздің команданың пайдасына аяқталды. Кездесудегі жалғыз шайбаны 35-минутта Никита Михайлис салды.
Бұл "Авангард" командасының биылғы маусымдағы үшінші жеңілісі. Ал "Барыс" болса 12 ұпай жинап, "Авангардқа" жетіп, жетінші орынға көтерілді. Омбылық команда алтыншы сатыда.
Енді "Барыс" келесі кездесуін 8 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында петерборлық СКА командасына қарсы өткізеді.
Жарнама