28 жастағы шабуылшы 700 мың долларға бір жылдық келісімшартқа қол қойды. Кэррик ҰХЛ-дің тоғыз матчінде екі ұпай (1+1) жинаған. Сонымен қатар, оның есебінде АХЛ-дегі 46 ойында 43 (23+20) балл бар.
Мұның алдында, Кэррик "Барыс" сапына өтуі мүмкін екені айтылған еді. Бұл ойыншымен қазақстандық клуб өткен маусымда үздік бомбардир атанып, "Авангард" командасына ауысып кеткен канадалық Корбэн Найттың орнын басқысы келген.