"Барыс" түлегі америкалық клубта ассист жасады
Руслан Оспанов биыл "Барыстан" АҚШ-тың "Анкоридж Волверинс" клубына ауысты. Аляска штатының командасы Солтүстікамерикалық хоккей лигасында өнер көрсетеді, деп жазады Шайба.кз.
Руслан Оспанов биыл "Барыстан" АҚШ-тың "Анкоридж Волверинс" клубына ауысты. Аляска штатының командасы Солтүстікамерикалық хоккей лигасында өнер көрсетеді, деп жазады Шайба.кз.
"Барыс" түлегі жаңа командасының сапында екі матч өткізіп, "Висконсин Уиндигоға" қарсы матчта алғашқы ұпайын еншісіне жазды. Осылайша, 18 жастағы қазақстандық хоккейші жаңа клубымен 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Оспанов спорттық карьерасын Өскеменде бастаған. Кейін "Барыстың" балалар мен жасөспірімдер командасына ауысқан. Өткен жылы Қазақстан жастар құрамасымен бірге әлем чемпионатына қатысты.
Жарнама