"Барыс" Шығыс конференциясының көшбасшысын ұтты
"Барыс" Шығыс конференциясының көшбасшысы "Автомобилистті" ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Барыс" Шығыс конференциясының көшбасшысы "Автомобилистті" ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Астанадағы ойын 2:0 есебімен аяқталды. Матчтағы бірінші шайбаны америкалық легионер Энтони Луис салса, Аркадий Шестаков екінші голдың авторы атанды.
Осылайша, қатарынан төрт кездесуде ұпайдан шашау шығармай келе жатқан Екатеринбургтің командасы "Барыс Аренада" жеңілістің кермек дәмін татты.
Дейтұрғанымен ресейліктер 13 ұпаймен Шығыс конференциясының көшін бастап тұр. Ал 9 ұпай еншілеген Скабелка шәкірттері турнир кестесінде бесінші орынға дейін көтерілді.
Енді елордалықтар ҚХЛ-да қатарынан үш ойынды сырт айдында өткізеді. Атап айтқанда "Северсталь" (24 қыркүйек), "Локомотив" (26 қыркүйек) және "Спартак" (28 қыркүйек) клубтарына қарсы матчтары бар.
Жарнама