Астаналық "Барыстың" ойыншысы Корбэн Найт Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аптасының үздік шабуылшысы, - деп хабарлайды ҚХЛ сайты.
Канадалық форвард командамен бірге сырт мұзайдындағы үш матчтің екеуінде жеңіске жетіп, алты ұпай (3+3) жинады - аптадағы ең мықты көрсеткіш. Сонымен қатар, оған "Торпедомен" ойындағы жеңіс голы тиесілі.
Ал аптаның үздік қақпашысы Илья Сорокин (ЦСКА), қорғаушысы - Яков Рылов ("Спартак"), жаңа ойыншысы - Аким Тришин ("Спартак").
ҚХЛ-дің осы маусымында Найт 38 матчте ойнап, 25 (12+13) ұпай жинады.