Хоккей
4 қараша 2022 13:05

"Барыс" шабуылшысы "Адмиралдан" неге ұтылғандарын айтты

©"Барыс" ХК

"Барыс" шабуылшысы Егор Петухов өз айдынында "Адмиралдан" ұтылғандарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz. Астаналық команда Владивостоктан келген клубқа 1:4 есебімен есе жіберді. 

"Барыс" сапында жалғыз голды Петухов салды.

"Адмирал" - кәдімгі команда. Ештеңемен таңқалдырмады: жақсы мен де, жаманмен де. Тактикасы сондай, қорғанысқа жатып алады. Бірінші кезеңді жақсы өткіздік, содан кейін сала алмадық. Екінші кезеңдегі ойын үшін ұтылдық дей алмаймын. Тағы 20 минутымыз болды. Жолы болғанның, жолы болды. Біз "Сибирьмен" матчтегідей толық 60 минут ісімізді істедік. Бір бірімізге ештеңе деп ренжи алмаймыз", - деп береді Петуховтың сөзін ҚХЛ сайты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport