"Барыс" құрлықтық хоккей лигасы аясында "Куньлунь" командасына ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Астанадағы ойында қытайлық ұжым 5:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші кезеңде қонақтар 3 шайба салды. 10-минутта Джек Родуолд есеп ашты. Араға 4 минут салып Брэндон Ип есепті еселей түсті. Ал 16-минутта Кори Кейн үшінші голды соқты.
Екінші кезеңде Зак Лесли мен Винсент ЛоВерде бір-бір шайбамен көзге түсті.
Енді елордалықтар келесі кездесуін "Адмиралға" қарсы өткізеді. "Барыс Аренадағы" матч 13 қазанда өтеді.