Бүгін, 5 қаңтарда елордалық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Юрий Михайлис шәкірттері өз айдынында Магнитогорск қаласының "Металлургін" қабылдайды. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30 басталады.
Тартысты матчты Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.
Еске салайық, "Барыс" Шығыс конференциясында 45 ойын өткізіп, 44 ұпаймен сегізінші орынға жайғасқан.
"Металлург" болса 68 ұпаймен Шығыс конференциясының көшін бастап тұр.
Жарнама