"Барыс" пен Қазақстан құрамасының экс қақпашысы карьерасын аяқтады
"Барыс" пен Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Хенрик Карлссон 37 жасында карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Шайба.kz".
"Барыс" пен Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Хенрик Карлссон 37 жасында карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Шайба.kz".
Осы маусымда Карлссон мұзайдынға шыққан жоқ. Спортшының сөзінше, оған мәскеулік "Спартак" қызығушылық танытқан екен.
ҚХЛ-де Карлссон сегіз маусым, оның бесеуін "Барыс" сапында өткізген. Сонымен бірге, ол "Йокерит" пен "Авангард" үшін де ойнаған. "Барыс" сапында ол 2021 жылға дейін өнер көрсетіп, 185 матчке шыққан. Осылайша, астаналық клубтағы ойындар саны бойынша рекордсмен болды.
Ал Қазақстан құрамасы үшін бірінші дивизиондағы ӘЧ мен Олимпиада іріктеуінде ойнаған.
Жарнама