"Барыс" өз мұзайдынында ЦСКА командасынан жеңіліп қалды
Елордалық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында ЦСКА командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Елордалық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында ЦСКА командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Кездесу бүгін, 21 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында өтіп, Юрий Михайлистің шәкірттері 1:2 есебімен ұтылды.
Бұл ойындағы бірінші шайбаны Никита Михайлис салды. Ол 11-минутта Роман Старченко мен Даррен Дицтан пас алып, "Барысты" алға шығарды.
Мәскеулік команда болса есепті тек 54 минутта теңестірді. Шайба авторы - Константин Окулов.
Осылайша, ойынның негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталды. Бірақ қосымша уақыттың соңында Окулов дубль авторы атанып, ЦСКА командасына жеңіс сыйлады.
Осы жеңілістен кейін "Барыс" командасы Шығыс конференциясында сегізінші орында қалды. Елордалық команданың еншісінде алты ойыннан кейін жеті ұпай бар. Келесі кездесуін біздің команда 25 қыркүйек күні "Сибирьге" қарсы өткізеді.
Жарнама