Хоккей
2 наурыз 2020 12:44

"Барыс" қорғаушысы Ресейлік командамен ойында неге жаға жыртысу жиі болғанын түсіндірді

© "Барыс" ХК
Астаналық "Барыстың" қорғаушысы Джесси Блэкер ҚХЛ-дің плей-офф сериясындағы магнитагорлық "Металлургпен" ойында неге жаға ұстасу көп болғанын түсіндірді. Хоккейшінің сөзін лиганың ресми сайты жариялады. 

- Плей-офф кезеңді жеңіспен бастаған көңілге жағымды келеді. Дегенмен бұл басы ғана екенін ұмытпау керек.

Ойын туралы айтсам, осы беттен қайтпай, матчке деген жоспардан ауытқымау қажет. Бүгінгідей. "Металлург" - мықты әрі шебер қарсылас. Ол турнирлік кестеде жетінші болғанына менсінбей қарамау керек. Сондықтан әр ойында барынша дайындықпен келу қажет. 

- Бұл плей-офф. Бір күннен кейін бір-бірімізге қарсы ойнайтынымызды білеміз, сондықтан, әркім қарсыласын эмоцианалды тұрғыда тепе-теңдігінен айырғысы келеді. Осы себепті осындай жаға ұстасулар болады.