Астаналық "Барыс" ҚХЛ матчінде "Автомобилистті" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екатеринбургте өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды.
34-минутта Роман Старченко есеп ашты, ол "Барыс" капитаны ретінде бірінші ойынын өткізді.
Ал кездесу аяқталарға 42-секунд қалғанда Линден Вей бос қақпаға гол салды.
Осы жеңіс арқасында "Барыс" 40 ұпаймен Шығыс конференциясында жетінші орынға көтерілді. "Автомобилист" (39) "Шығыста" сегізінші.