"Барыс" биылғы ҚХЛ маусымында алғаш рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Барыс Аренадағы" матчта елордалықтар Челябінің "Тракторын" 3:1 есебімен ұтты. Ойындағы алғашқы голды "Барыстың" жаңа капитаны Линдон Вей салды. Артынша капитан Кирилл Савицкийге нәтижелі пас шығарып берді. Үзіліске дейін қонақтардан Теему Пулккинен есеп айырмасын қысқарта алды.
Кездесудің соңғы минуттарында ресейліктер шабуылға шыққан сәтте Линдон Вей бос қақпаға шайбаны тоғытты.
Осы жеңісінің арқасында "Барыс" Шығыс конференциясында 3 ұпаймен 9-орынға көтерілді.