"Барыс" ҚХЛ-де ресейлік команданы ұтты

"Барыс" ҚХЛ тұрақты матчінде "Сибирь" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Барыс" ҚХЛ тұрақты матчінде "Сибирь" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Новосібірде өткен кездесу 2:1 есебімен астаналық команда пайдасына аяқталды. Есепті 31-минутта алаң қожайындарынан Александр Шаров ашқан болатын.
Бір минут өте Джереми Бракко есепті теңестірді. Ал Никита Михайлис 45-минутта жеңіс голын салды.
Келесі матчте "Барыс" Астанада магнитогорлық "Металлургпен" ойнайды. Кездесу 3 қаңтарда өтеді.
Жарнама