"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында нижегородтық "Торпедо" командасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Нижний Новгородта өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды.
Осылайша, қазақстандық клуб қатарынан екінші рет ұтылып отыр, мұның алдында "Нефтехимикке" есе жіберген - 1:2. Алайда бұған қарамастан астаналықтар 15 ұпаймен Шығыс конференциясында алтыншы орында қалды. Ал торпедолықтар 19 балл жинап, "Батыста" аралық үшінші орынға көтерілді.
8 қазан "Барыс" келесі матчін "Ак Барсқа" қарсы Татарстан астанасында өткізеді.