"Барыс" ҚХЛ аутсайдеріне ұтылды

"Барыс" құрлықтық хоккей лигасы аясында "Нефтехимикке" ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Барыс" құрлықтық хоккей лигасы аясында "Нефтехимикке" ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Барыс Аренадағы" матчта қонақтар бірінші болып (11-минут) есеп ашты. Гол авторы Андрей Белозеров.
Араға жеті минут салып Джереми Бракко таразы басын теңестірді. Ал екінші кезеңнің 37-минутында Адрей Чивилев жеңіс шайбасының авторы атанды. Қорытынды есеп 1:2.
Биыл маусымда ҚХЛ-де 14 матчтың қорытындысы бойынша елордалықтар Шығыс Конференциясында 6-орынға жайғасса, "Нефтехимик" ең соңғы 14-орында келеді.
Жарнама