"Барыс" хоккей клубы ресми түрде Руслан Оспановпен келісімшартқа қол қойып, команда қатарына қосты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандық шабуылшымен (2025 жылғы 30 сәуірге дейін) екіжақты келісім екі маусымға есептелген.
"Оспанов біздің клубта дамудың барлық вертикалынан өтті. Мансабының бастапқы ойындарын ол жасөспірімдер командалары және "Қар барыстарында" өнер көрсетті. Өткен маусымды Руслан Солтүстік Америкада өткізді. Жазда форвард "Барыс" жүйесіне оралып, "Номад" сапында ойнады. 13 матчта хоккейші 16 (6+10) ұпай жинады, бұл оған өз кезегінде Қазақстан чемпионатының үздік бомбардирлері тізімінде екінші орын алуға мүмкіндік берді. Бүгін Оспанов негізгі команда құрамында алғашқы жаттығуын өткізді", - деп хабарлады "Барыс" хоккей клубы.
Айта кетейік, бүгін "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында Мәскеудің "Динамо" клубымен ойнайды. Астанадағы кездесу кешкі сағат 19:30-да басталады.