Хоккей
22 қаңтар 2022 13:14

"Барыс" Қазақстан құрамасының қақпашысына байланысты мәлімдеме жасады

"Барыс" ХК ©

Спорттық ынтымақтастық туралы келісім аясында "Барыс" және "Сарыарқа" хоккей клубтары қақпашыларымен алмасты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі елордалықтардың баспасөз қызметі. 

Андрей Шутов маусымды қарағандылық командасының құрамында жалғастырады. Ал кері бағытқа енді "Номад" сапында өнер көрсететін Демид Еремеев жолға шықты. Екі спортшы 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін уақытша ауысу туралы келісімге қол қойды.

Андрей Шутов осы маусымда ҚХЛ-да "Барыс" үшін бір матч ойнады, сондай-ақ, "Номадқа" Қазақстан чемпионатында сегіз жеңіске жетуге көмектесті (соққыларды қайтару – 94,4%).

Демид Еремеев соңғы уақытта "Теміртаудың" намысын қорғады. 26 ойында 12 жеңіске жетті (соққыларды қайтару – 89,6%).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport