"Барыс" шабуылшы Михаил Рахмановпен сынама келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Келісімшарт 2022 жылдың 31 тамызына дейін жасалды.
Хоккейші бұрын "Барыс" жүйесіндегі командаларда ойнады - 2012 мен 2015 жылдары. ҚХЛ-де Михаил 130 матчте ойнап, 24 (13+11) балл жинады.
Кейінгі екі жыл форвард қарағандылық "Сарыарқада" өнер көрсетті. Өткен маусымда 61 ойында (17 плей-офф матчі) Рахманов 78 (38+40) ұпай жинап, Қазақстан чемпионатының ең мықты шабуылшысы атанды.