"Барыс" жанкүйерлердің жемқорлық туралы петициясына қатысты пікір білдірді
"Барыс" президенті Борис Иванищев жанкүйерлердің елордалық клуб басшылығы ауыссын деп талап қойылған петицияға пікір білдіріп, клубта жемқорлықтың жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Шайба.kz".
"Барыс" президенті Борис Иванищев жанкүйерлердің елордалық клуб басшылығы ауыссын деп талап қойылған петицияға пікір білдіріп, клубта жемқорлықтың жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Шайба.kz".
- Жанкүйерлер "Барыс" ішіндегі жемқорлық жүйесі, агенттердің ісі туралы айтылған петиция жариялады. Осы туралы не дей аласыз?
- Мен петицияны оқыдым. Бұл жанкүйерлердің субъективті пікірлері. Бізде агенттермен ешқандай келісім жоқ, ақшаны жымқыру да жоқ. Ойыншы өз агентімен сұрақтарын өзі шешеді. Біз тек келісімшартқа қол қоямыз. Бізде барлығы ашық. Айлықтар банк картасына түседі. Бізде жыл сайын тексеріс болады. Жемқорлық туралы біреулер ойдан шығарып алған. Бұл жалған! Мүмкін футболда осындай проблемалар бар шығар, бірақ бізде, хоккейде мұндай жоқ. Барлық агент КХЛ-де тіркелген. Лицензиясыз олар ойыншылырамен жұмыс істей алмайды.
Жарнама