"Барыс" хоккейшілер алдындағы барлық қарызынан құтылды

Елордалық "Барыс" хоккей командасы хоккейшілер алдындағы барлық қарызынан құтылды. Бұл туралы "АренаБреда" телеграм-арнасы хабарлады.
Елордалық "Барыс" хоккей командасы хоккейшілер алдындағы барлық қарызынан құтылды. Бұл туралы "АренаБреда" телеграм-арнасы хабарлады.
Еске салайық, осыған дейін клуб 15 сәуірге дейін барлық қарыздан құтылатыны туралы мәлімдеме жасаған болатын.
"Нұр-Сұлтан қаласы командасы айлыққа қатысты барлық қарыздан құтылды. "Барыс" хоккейшілері қаңтар, ақпан және наурыз айларының жалақысын алды", - деп жазды дереккөз.
Айта кетейік, "Барыс" ҚХЛ-дың өткен маусымында Шығыс конференциясында сегізінші орын алды. Сөйтіп команда плей-офф кезеңіне шықты. Бірақ онда "Металлург" командасынан 1:4 есебімен жеңілді.
Жарнама