"Барыс" белгілі қорғаушымен келісімшартқа отырды

"Барыс" ХК Роман Савченкомен келісімшарт жасағанын хабарлады. Тәжірибелі қорғаушы Қазақстан чемпионатындағы "Номад" сапында 2022/23 жылғы маусым соңына дейін ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Барыс" ХК Роман Савченкомен келісімшарт жасағанын хабарлады. Тәжірибелі қорғаушы Қазақстан чемпионатындағы "Номад" сапында 2022/23 жылғы маусым соңына дейін ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Савченко "Барыс" үшін ҚХЛ-де ойнаған. Өскемен хоккей мектебінің түлегі негізгі командамен 500 матчке қатысқан. Ал ҚХЛ-де оның есебінде жалпы 650 матч және 161 (59+102) балл.
Еске салайық, ҚХЛ-дегі тоғыз матчтен кейін "Барыс" Шығыс конференциясында бесінші келеді. Келесі ойынды астаналықтар 24 қыркүйек сырт айдында череповецкілік "Северстальға" қарсы өткізеді.
Жарнама