"Барыс" хоккей клубы шабуылшы Максим Мусоровпен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Екіжақты келісім 2 жылға - 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген.
20 жастағы хоккейші - "Барыс" БЖОМ түлегі. Ол жүйедегі командалар сапында 2017 жылдан бері ойнайды.
Былтыр КХЛ біріншілігінде Мусоров 19 ойын өткізіп, өз қоржынына 4 (2+2) ұпай салған еді. Сондай-ақ, ол КХЛ плей-офф ойындарында дебют жасап, екі матч өткізген болатын.