Хоккей
15 маусым 2020 17:18

Бапкерсіз қалған "Барыс" ойыншылары мұзайдында жаттыға бастады

Никита Михайлис (қызылда) және Антон Сағадеев. Сурет: Hockey Planet©
"Барыс" пен Қазақстан құрамасының жеті ойыншысы жаңа маусымға дайындықты бастады. 

Қорғаушылар Леонид Метальников пен Валерий Орехов, шабуылшылар Әлихан Әсетов, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Антон Сағадеев мен Аркадий Шестаков жиын алдында астаналық Hockey Planet мектебінде жаттықты. Ойыншылар мұзайдындағы жаттығуларын мұның алдында бастап кеткен.

"Барыс" хоккейшілерімен бірге Қазақстан чемпионаты мен Жоғары хоккей лигасы клубтарының ойыншылары жаттығып жатыр. Олардың арасында маусымда "Сарыарқа" сапына өткен Талғат Жайлауов та бар. 



"Барыстың" бірінші жиындары шілдеге белгіленген. Әзірге командада бас бапкер жоқ.