"Барыс" ХК Құрлықтық хоккей лигасының турнилік кестесінде жоғарлады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Авангардты" өз мұзайдынында ұтқан Юрий Михайлис шәкірттері жеңіліс сериясын үзіп, Шығыс конференциясында тоғыздан жетіге көтерілді. Осылайша, команда плей-офф аумағына қайта кірді.
Енді "Барыста" 14 матчте 12 ұпай бар. Алтыншы орындағы омбылық клуб тек қосымша көрсеткіштер бойынша алда.
Еске салайық, "Барыс" Нұр-Сұлтанда "Авангардты" 1:0 есебімен Никита Михайлис салған шайба арқасында ұтты. Келесі ойынды астаналықтар 8 қазан петерборлық СКА командасына қарсы өз мұзайдынында өткізеді.