Словакиялық қақпашы Юлиус Гудачек "Барыс" сапында алғаш рет мұз айдынына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
2012 жылы әлем чемпионатының жүлдегері атанған голкипер спорттық карьерасында "Северсталь", "Спартак" және Риганың "Динамо" сынды клубтарында ойнаған.
Легионер Құрлықтық хоккей лигасының аясында Екатеринбург қаласының "Автомобилистіне" қарсы ойнады.