Кезінде хоккейден Қазақстан құрамасының бас менеджері болған, қазргі уақытта агент қызметін атқаратын Шуми Бабаев "Барыстың" бас бапкері Юрий Михайлистің болғашағына байланысты сауалға жауап берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Егер "Барыс" бас бапкерін ауыстырғысы келсе, әлем чемпионатына дейін бұл шешімді қабылдайтын еді. Яғни, плей-офф кезеңінен кейін. Неге? Себебі, бапкерді ертерек ауыстырып, жаңа маусымға хоккейшілерді жаңа маманның кеңесінен кейін жинайды. Сол үшін мен Юрий Михайлистің "Барыста" қалатынына сенімдімін", - деп келтіреді Бабаевтың сөзін Betonmobile.ru порталы.
Еске салайық, биыл "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында сегізінші орын алып, Гагарин кубогіне жолдама алды. Бірақ бірінші кезеңде магнитогорскілік "Металлурген" 1:4 есебімен жеңілді.