Ресейдің "Спорт-Экспресс" басылымы Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын клуб ойыншыларының жалақысын жариялады. Бұл қатарда "Барыс" хоккей клубы да бар.
Басылым ақпараты бойынша елордалық команда сапында ең көп жалақыны Линден Вей мен Никита Михайлис алады. Олардың жалақысы 279 310 000 теңге екен. Үштікте канадалық тағы бір легионер – Алекс Грант. Оның табысы – 251 379 000 теңге.
"Барыста" ең аз жалақыны Тамерлан Гайтамиров алады деп көрсеткен –16 758 600 теңге. Тізімге 1 миллион рубльден төмен алатын хоккейшілер енбеген. Ал команданың жалпы жалақы қоры 2,5 миллиард теңгені құрайды.
Айта кетейік, өткен маусымда "Барыс" Шығыс конференцияда соңғы орын алып, плей-офф кезеңіне шыға алмаған болатын.
"Барыс" хоккейшілерінің жалақысы:
Линден Вей — 279 310 000 миллион теңге
Никита Михайлис — 279 310 000 миллион теңге
Алекс Грант — 251 379 000 млн теңге
Майкл Шапю — 144,94 млн теңге
Крис Биграс, Юлиус Гудачек, Энтони Луис — 139,36 млн теңгеден;
Джесси Грэм — 128,21 млн теңге
Джереми Бракко — 122,64 млн теңге
Иван Мищенко мен Нельсон Ножье — 100,34 млн теңгеден;
Кирилл Савицкий мен Антон Сагадеев — 72,47 млн теңге
Михаил Григорьев пен Кирилл Максимов — 55,75 млн. теңгеден;
Әлихан Әсетов пен Егор Шалапов — 50,17 млн теңгеден;
Никита Бояркин — 44,60 млн теңге
Егор Петухов пен Аркадий Шестаков — 33,45 млн теңгеден;
Самат Данияр, Михаил Рахманов, Юрий Сергиенко — 27,87 млн теңгеден;
Әділ Бекетаев, Дмитрий Гурков, Андрей Шутов — 22,30 млн теңгеден;
Тамирлан Гайтамиров —16,758 600 млн теңге.