"Спартак" шабуылшысы Шейн Принс "Салават Юлаев" ойыншысы Ярослав Цулыгинге қарсы дөрекі ойнап мұз айдынынан матч соңына дейін қуылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ойынның 12-минутында 18 жастағы Цулыгин қарсыласымен қақтығысып, мұзға сәтсіз құлады. Нәтижесінде медицина қызметкерлерінің көмегімен айдыннан кетуіне тура келді.
"Ярослав Цулыгинді дәрігерлер алып кетті. Шейн Принс біздің қорғаушыға қарсы дөрекі ойнады", - деп жазды уфалық клубтың баспасөз қызметі.
Еске салайық, Цулыгин "Салават Юлаевтің" бас бапкері Николай Цулыгиннің ұлы.