Ауыр атлетика
26 желтоқсан 15:21

Тарихта алғаш рет. Қазақстандық атлеттер Азияда көш батсады

©ҚР ҰОК

Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қатар елінің астанасы Дохада өткен жарыста отандастарымыз жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет жастар арасындағы командалық есепте бірінші орын алды. Ерлер мен әйелдер арасындағы жүлделерді қоса алғанда отандастарымыз 12 алтын, 9 күміс, 12 қола медаль еншіледі. Жалпы саны 33 жүлдеге ие болды.

Үздік үштікке Қазақстаннан кейін Өзбекстан мен Вьетнам елінің спортшылары орналасты.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport