Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин коронавируске тест тапсырды. Бұл туралы спортшының өзі Instagram желісінде хабарлады.
"Ушығып тұрған тақырып... Кеше COVID-19 вирусына тест тапсырдым. Індеттен аманмын, бірақ, ЖРВИ белгілері бар. Қысқасы, үйде оқшауланып отырмын. Менде мынадай сұрақ бар: айналамдағылар ауырып жүргені маған ғана байқала ма? Әлде сіздердің де әріптестеріңізге суық тиген бе, дәрігерлер не дейді?", - деп жазыпты Ильин.
Еске салайық, 32 жастағы Ильин мамырда Қызылордадағы мұзайдынның директоры болып тағайындалған. Сонымен қоса, жергілікті университетте оқытушы болып орналасты.

Жарнама