Ауыр атлетика
14 наурыз 2019 11:13
 
Лас-Вегастағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының барлық атлеті алтын иеленді

  Пікірлер

blog.share

Лас-Вегастағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының барлық атлеті алтын иеленді © Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы Лас-Вегаста өтіп жатқан жастар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында тағы екі алтын медальды жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, 81 келіге дейінгі салмақта Ольга Пастухова қос сайыс жиынтығы бойынша 215 келі көтерді (92 жұлқа, 123 серпе). Сонымен қатар, оның активінде жұлқа көтеруде "кіші" қола және серпе көтеруде "кіші" алтын жүлде бар. 

96 келіге дейінгі салмақта Рахат Бекболат 323 келі (144 жұлқа және 179 серпе) көрсеткішімен әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, ол жұлқа көтеруде "кіші" күміс және серпе көтеруде "кіші" алтын жүлдеге қол жеткізе алды.

Мұның алдында Қазақстан құрамасы сапында Ақмолда Сайрамкез (61 келіге дейін), Сайхан Тайсуев (67 келіге дейін, жаңа әлемдік рекорд орнатты) және Сәпи Есенгелді (81 келіге дейін) алтын алған болатын.

Лас-Вегастағы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 15 наурызда аяқталады. Жарысқа әлемнің 50 елінен 13-17 жас аралығындағы екі жүзден астам атлет қатысуда. Чемпионтқа Қазақстан бес спортшы апарған. Осылайша, Қазақстан құрамасының барлық қатысушысы алтынмен оралады. 

Жарнама

Живи спортом!