Тяжелая атлетика
5 ақпан 21:25
 

“Қазір екінші әйелім асырап отыр“. Алмас Өтешов басындағы жағдайды айтты

  Пікірлер

blog.share

“Қазір екінші әйелім асырап отыр“. Алмас Өтешов басындағы жағдайды айтты © "Уақыт көрсетеді"

Ауыр атлетикадан 2013 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Алмас Өтешов "қазір әйелім асырап отыр" дейді. Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" Youtube-жобасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

blog.share

Ауыр атлетикадан 2013 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Алмас Өтешов "қазір әйелім асырап отыр" дейді. Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" Youtube-жобасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы ішімдікті қойғаннан кейінгі арманы жұмыс істеп, еңбек ету екенін алға тартты. Бірақ оның несиесі бар болғандықтан, жұмысқа кіруі қиындап отыр. 

"Ендігі арманым жұмыс істеп, еңбек ету. Арманыма несиенің кесірінен жете алмай отырмын. Несиемнің бәрі жабылса, бапкер болып жұмысқа кірісуге ертең-ақ дайынмын. Қазір барлығы 15 миллион теңгеден астам қарызым бар", - деді ол.

Сондай-ақ спортшы өзіне 2013 жылы жеңісі үшін сыйланған пәтерді өз атына аударып беруін сұрады.

"2013 жылы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев жеңісім үшін маған берген үш бөлмелі үй былай айтқанда ауада тұр десек болады. Үйді сата алмаймын. Үй менің атымда, бірақ спорт мектебінің меншігінде тұр. Үйді менің атыма аударып берсе, сатып, қарызымды жабатын едім, жұмысқа орналасатын едім. Ол жақта жалақы беріледі, қазір ипотекалық бағдарлама көп, соның бірімен бұйырған үйді алатын едім. Оған дейін пәтер жалдап тұратын едім. Алимент бойынша қарызым қанша болғанын білмеймін, экс-келіншегім қудалап, арыз жазып жатқан жоқ. Өйткені оған бауырларым, тәтем көмектесіп жатыр. Егер ол арыз жазса, барады да мені қамап тастайды. Қанша жылдан бері алимент төлемедім, немен төлеймін? Менде жұмыс жоқ, әйтпесе менде жүрек жоқ дейсіздер ме? Өзім жемесем де, сол үш балама беретін едім. Менде ешқандай табыс көзі жоқ, сөздің тоқетеріне келсек, мені қазір екінші әйелім асырап отыр. Одан кейін арасында 50-60 мың теңге беріп тұратын достарым, ағаларым бар", - деді ол.

Алмас Өтешов амалдың жоқтығынан күзетші болып жұмысқа кіргенін, сол үшін тіпті намыстанып, жылағанын жасырмады.

"Қанша жылдан бері осылай келе жатырмын, болмағаннан кейін күзетші болып жұмысқа кірдім. Қашанғы арамтамақ болып жата беремін. Күзетші болғаныма намыстанып жыладым. Әрине, күзетші де жұмыс қой, бірақ кезінде әлем чемпионы болған Алмас Өтешов күзетші болып жүр. Қазір жалақыны кассадан қолма-қол беретін баяғы заман емес, қазір білесіз, бәрі шотқа түседі. Менің шотымның бәрі бұғатталған, жауып тастаған. Ал жұмысқа кірсең, айлық түсіруге шоттың деректерін сұрайды. Енді мен тегін жұмыс істей алмаймын ғой, мен де тамақ ішу керекпін, нан жеу керекпін. Болмаған соң күзетші болып жұмысқа кірдім, ол жақта айлықты қолма-қол береді. Амал жоқ қой енді, басқа не істеймін, әркімнен нан сұрап, үйде арамтамақ болып жатпаймын ғой", - деді спортшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!