Қазақстандық ауыратлет Айзада Мүпділда Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бахрейн астанасы - Манама қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада Айзада Мүпділда әйелдер арасында 87 келі салмақта сынға түсті. Қос сайыстың қорытындысы бойынша ол 277 келіні (жұлқуда - 120, серпуде 157 келі) бағындырды. Осылайша, Азия чемпионы атанды.
Бұл салмақта қола медаль тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчукке бұйырды.
Еске салайық, бұдан бұрын ел құрамасынан Зүлфия Чиншанло мен Асылжан Бектай чемпион атанған болатын.