Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының полициясында қазақстандық ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысының полициясында қазақстандық ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы облысының Полиция департаменті дерек бойынша ҚР ҚК-ның 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Ауыр атлетика федерациясы спортшы қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Дереккөз мәліметінше, Альберт Линдер өз-өзіне қол салған. Басқа деректер әлі белгісіз
Альберт Линдер 25 жаста, Талдықорған қаласының тумасы. Ол жастар чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордшысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болған.
Жарнама