Ауыр атлетикадан Қазақстан қүрамасының спортшысы Нұрғиса Әділетұлы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Спортшы 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Қоссайыс нәтижесі бойынша Нұрғиса 388 (174+214) келі көтерді.
Екінші орынды грузиялық Реваз Давитадзе 387 (177+210) келі нәтижесімен алды. Ал ирандық Али Алипур 387 (173+214) келі көтеріп үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алексей Чуркин күміс медаль жеңіп алған еді.