Тяжелая атлетика
18 маусым 2022 16:09

Қазақстандық ауыр атлет ӘЧ алтынын жеңіп алды

©IWF

Қазақстандық ауыр атлет Никита Әбдірахманов Мексикада өтіп жатқан жасөспірімдер арасында әлем біріншілігінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

102 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 348 келіні (157+191) бағындырды.

Күміс медаль Өзбекстаннан келген Кудратбек Салимжоновқа бұйырды. Ол 327 (156+171) келі көтерді. Үздік үштікті түркиялық Баки Кетмет 259 келі (132+163) түйіндеді.

Осылайша, Әбдірахманов құрама қоржынына төртінші алтынды салды. Осыған дейін Денис Полубояринов (81 келі), Едіге Емберді (73 келі) және Ерасыл Сәулебеков (67 келі) жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport