Қазақстандық атлеттерді Париж Олимпиадасына қатыстырмауы ықтимал
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы келесі жазғы Олимпиадаға қатыстырылмауы мүмкін. Бұл туралы Допингке қарсы ұлттық орталық директоры Майра Бакашева мәлімдеді.
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы келесі жазғы Олимпиадаға қатыстырылмауы мүмкін. Бұл туралы Допингке қарсы ұлттық орталық директоры Майра Бакашева мәлімдеді.
"Бұл туралы бәрі айта бастады, қазір бұл федерация үшін үлкен қиындыққа айналды. Өйткені федерацияның өзі біраз уақытқа шеттелуі мүмкін. Егер мұндай шара Париж Олимпиадасына дейін қолданылатын болса, ауыр атлеттеріміз 2024 жылғы Ойындарға қатыса алмайды", - деп береді Бакашеваның сөзін "Хабар 24".
Еске салайық, мұның алдында Арли Чонтей, Артем Антропов, Екатерина Алякина, Денис Полубояринов, Алина Колиушко, Алексей Чуркин және Нұрғиса Әділетұлының қанынан допинг анықталған болатын.
Жарнама