Қазақстандық зілтемірші Ерасыл Сәулебеков жастара арасындағы әлем чемпионатында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мексикада өтіп жатқан турнирде ол 67 келіде алдына жан салмады. Сәулебеков 281 (123+158) келі көтерді.
Айта кетейік, осы біріншілікте бұл Қазақстан қоржынына түскен үшінші жүлде және бірінші алтын болып отыр.