Тяжелая атлетика
8 сәуір 2024 16:22
 

Қазақстан тарихта алғаш рет ауыр атлетикадан Олимпиадаға қатыса алмайды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан тарихта алғаш рет ауыр атлетикадан Олимпиадаға қатыса алмайды ©

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына қатыспайды. Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығының жаңарған рейтингінде бірде-бір отандасымыз үздік ондыққа енбеген.

blog.share

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына қатыспайды. Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығының жаңарған рейтингінде бірде-бір отандасымыз үздік ондыққа енбеген.

Қазақстан құрамасы бұған дейін барлық Олимпиада ойындарына қатысып келген. Құрамаға Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігі жоқтың қасы. Тек Сергей Петровичте ғана мүмкіндік болған. Алайда ол Пхукетте өткен әлем кубогы кезеңінен кейін нәтижесін толыққанды жақсарта алған жоқ. Бес саты ғана жоғарылап, әлемдік рейтингте 12-орында тұр.

Сергей Париждегі Олимпиада ойындарына қарсыластарының бірнешеуі WADA ережесін бұзса немесе жарақат алып қалса ғана қатыса алуы мүмкін. Алайда төртжылдықтың басты додасын асыға күтіп жүрген спортшылар қателікке жол беруі екіталай.

Допингке байланысты Қазақстан құрамасынан дау арылған емес. Парижде жүлделі орыннан үмітті Нұрғиса Әділетұлы мен Артем Антропов та жарыстардан шеттетіліп кетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!