Тяжелая атлетика
7 маусым 2019 13:55

Қазақстан ауыр атлетикадан Фиджидегі жастар чемпионатында екінші алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Фиджидің астанасында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігінде екінші алтын иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақстандық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан қоржынына алтын жүлдені 87 келіге дейінгі салмақта Дарья Ахмерова салды. Қос сайыс қорытындысы бойынша ол 236 (103+133) келі көтерді. 

20 жастағы Дарья үшін бұл алғашқы халықаралық жарыс. Сонымен қатар, ол жұлқа  және серпе көтеруде кіші алтын иеленді. 

Еске салайық, Қазақстан қоржынына бірінші алтынды Карина Кузганбаева салды, ал Артем Антропов күміс иеленді.