Қазақстан Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды, деп жазады Vesti.kz.
81 келіде өнер көрсететін Александр Уваров жалпы алғанда 343 келі (153 жұлқу + 190 серпе көтеру) көтерді.
Бұл салмақта Солтүстік Корея спортшысы Ри Чонг Сонг чемпион болды - 369 (169+200), ал қола жүлде түркменстандық Гайгысыз Тораевта - 337 (148+189).
Бұған дейін өзге қазақстандық Сайрамкез Ақмолда 67 келіде күміс жеңіп алған болатын.