Қазақстан ауыр атлетикадан ӘЧ жеңімпазы атанды
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Мексиканың Леон қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында бірінші орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz ҚР ААФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Мексиканың Леон қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында бірінші орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz ҚР ААФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жарыста құрама қоржынына 21 жүлде түсті - 12 алтын, үш күміс және алты қола. Ал Едіге Емберді рекорд орнатып, турнирдің ең мықты спортшысы атанды.
Спортшылардың нәтижесі:
Ерасыл Сәулебеков (67 келі) жұлқуда, серпуде және қоссайыста да алтын;
Едіге Емберді (73) жұлқуда, серпуде және қоссайыста да алтын;
Денис Полубояринов (81) жұлқуда, серпуде және қоссайыста да алтын;
Никита Абдрахманов (102) жұлқуда, серпуде және қоссайыста да алтын;
Надежда Ли (64) жұлқуда және қоссайыста да күміс;
Александра Беленко (40) жұлқуда күміс, серпуде және қоссайыста қола;
Ерасыл Омаров (55) жұлқуда, серпуде және қоссайыста да қола;
Дарья Балабаюк (49) қола, жұлқа көтеруде.
Жарнама