Тяжелая атлетика
21 шілде 2022 12:03

Қазақстан ауыр атлетикадан АЧ-де тағы бір алтын жеңіп алды

©instagram.com/wf_rk/

Қазақстандық Әлішер Байбуров Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz ҚР ААФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

67 келі салмақта өнер көрсететін Байбуров 17 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион және 20 жасқа дейінгілер арасында күміс жеңіп алды. Жұлқа көтеруде ол 134 келі, ал серпе көтеруде 155 келіні бағындырды.

Мұның алдында рекорд жасап, бір алтынды 73 келіде Емберді Едіге жеңіп алды. Сондай-ақ, 61 келіде Азамат Төлеген мен 55 келіде Ерасыл Умаров қола жүлде иеленген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport