Тяжелая атлетика
21 қазан 2017 14:08
 
Қазақстан ауыр атлетика құрамасы ресми түрде барлық бәсекелерден бір жылға шеттетілді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан ауыр атлетика құрамасы ресми түрде барлық бәсекелерден бір жылға шеттетілді ©:zimbio.com

Қазақстан ауыр атлетика құрамасы ресми түрде бір жылға барлық бәсекелерден шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми сайты хабарлап отыр. 

Қазақстан құрамасы ауыр атлеттері 2008 жылғы және 2012 жылғы Олимпиада ойындарынан кейін тағы допинг сынамадан өтіп, бұл тексерістер оң нәтижеге берген еді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2008 жылғы Пекинде өткен Олимпиада ойындарында жеңіп алған Илья Ильиннің алтын жүлдесінен, Ирина Некрасованың күміс, Мария Грабовецкаяның қола жүлделерінен, ал Лондондағы Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло және Майя Манезаның алтын медальдарынан айырылған болатын. 

Осы істерге байланысты Халықаралық ауыр атлетика федерациясы ұзақ зерттеу жүргізіп, кеше ресми шешім шығарды. Ол шешім бойынша Қазақстан, Ресей, Қытай, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Түркия, Украина және Молдова құрамалары алдағы бір жылдағы бәсекелерден шеттетілді. 

Енді аталған елдердің 21 күн ішінде шағым білдіруіне болады. 

Жарнама

Живи спортом!