Ауыр атлетика
18 қараша 2020 13:12

Қазақ спортшы ауыр атлетикадан жастар арасындағы Әлем кубогында жеңіске жетті

Сурет: wfrk.kz©

Жастар арасындағы ауыр атлетикадан Әлем кубогында 102 келіде өнер көрсететін Бекболат Рахат бірінші орын иеленді,- деп хабарлайды wfrk.kz сайты.

Қос сайыс қорытындысы бойынша ол 319 келі (140+179) көтерді.

Екінші орында Әзірбайжан спортшысы Али Шукурлу - 310 (145+165). Ал үшінші польшалық Шимон Зюлковский болды - 301 (139+162).

Жастар арасындағы Әлем кубогын Перудің ауыр атлетика федерациясы online форматта ұйымдастырды.

Мұның алдында қазақстандық спортшылар екі жүлде жеңіп алған еді: жарыстың алғашқы күні Абылай Әуелханов бірінші алтынды, ал Гүлнұр Ыбрай қола.