Тяжелая атлетика
20 қаңтар 2021 13:11
 

Басы дауға қалған Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Басы дауға қалған Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов мәлімдеме жасады

Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы қазақстандық Нижат Рахимов допингке қарсы ереже бұзды деген күдікке қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы қазақстандық Нижат Рахимов допингке қарсы ереже бұзды деген күдікке қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Олимпиада чемпионын жарыстан уақытша шеттеген еді.

"Достар, кеше кешкісін маған айыптар тағылып жатқаны туралы естідім. Меніңше, мұндай жаңалық кезекті стартқа дайындық жүргізіп жатқан әрбір атлет үшін күтпеген жағдай.

Тыйым салынған дәрмек қолданды деп айыптап жатқан жоқ. Кез келген кәсіби спортшы сияқты, мен маусым бойы допингке бірнеше рет тест тапсырамын, несеп талдауымда не болғаны белгісіз, ол бізді тексеретін тестілеу органдарының жауапкершілігі.

Достар, мен өзгелердің кінәсін өз мойныма алуға ниетті емеспін. Мыңдаған қазақстандықтың менімен бірге қуанған сәттері мені әрқашан жігерлендірді! Сіздер менің адал досымсыздар, бүгін мені қолдайтындарыңызға сенімдімін. Мен спорт адал болса деймін.

Енді мен Халықаралық тестинг агенттігіне түсініктеме беруім керек, онда мен жоғарыда жазғанымның бәрін айтамын", - деп жазды спортшы Instagram желісіндегі парақшасында.
 
Халықаралық допинг-тестілеу агенттігінің (ІТА) шешіміне сәйкес, Рахимов 2016 жылы допинг тексеру үшін тапсырған несеп талдауын ауыстырды деген күдікке ілінді. Сол жылы ол Рио-де Жанейродағы Олимпиада чемпионы болған.

Жарнама

Живи спортом!