Ауыр атлетика
28 қараша 2017 18:09
 
Ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионаты Ашхабадта өтетін болды

  Пікірлер

blog.share

Ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионаты Ашхабадта өтетін болды N'oluyo

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығының (IWF)  атқарушы комитеті 2018 жылғы әлем чемпионаты Түрікменстан елінің астанасы Ашхабадта өтетінін хабарлады.

Негізі 2018 жылғы әлем чемпионаты Перу елінің астанасы Лимада өтуі тиіс еді. Қараша айында бұл ел жарысты өткізуден бас тартып, өзге елдің ұйымдастырғанын құп көрген-ді. Себебі Лимадағы әлем чемпионаты өтуі тиіс болған Сан-Исидро спорттық орталығы жарыс өтетін уақытқа дейін дайын болмайды екен.

Ашхабадта осы жылы жабық кешендегі Азия ойындары өтті. Түрікмен жұрты бұл доданы жоғары деңгейде ұйымдастырды. Қазіргі таңда қалада жарысты өткізетін спорт кешендері жетерлік. Сондықтан да IWF аз уақыт ішінде Түрікменстанның әлем чемпионатын ұйымдастыра алатынына сенім артып отыр. Кіл мықтылардың Ашхабадтағы бәсекесі 24 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтпек.

Бүгін басталатын биылғы әлем чемпионаты АҚШ-тың Анахайм қаласында өтеді. Бұл жарысты да негізі Малайзия елі өткізуі тиіс болған. Алайда олар да 2016 жылы әлем чемпионатын өткізуден бас тартып, жарыс екінші рет қатарынан АҚШ-та өткелі жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы осы жылғы әлем чемпионатына Қазақстан, Ресей, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қытай, Молдова, Түркия, Болгария және Украина елінің спортшылары қатыспайтынын хабарлаған еді. Бұл елдің спортшылары соңғы жылдары допинг ережесін көп бұзған. Нәтижесінде 2018 жылдың 20 қазанына дейін халықаралық жарыстарға қатыса алмайды.

Жарнама

Живи спортом!