Ауыр атлетика
20 қыркүйек 2021 15:01

Ауыр атлетика федерациясы қазақстандық спортшылардың шағымына қатысты мәлімдеме жасады

©olympic.kz

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы зілтеміршілердің шағымына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Кеше кешкісін ҚР ауыр атлетика құрамасының мүшелері, соның ішінде, қайтыс болған Альберт Линдердің інісі де әлеуметтік желіде құрама команданың бапкерлеріне қатысты шағым мен сын айтты.

ҚР ауыр атлетика федерациясы бұл істі бақылауына алып, әр айып бойынша анығына жетпек.

Алдағы уақытта федерация әр атлетпен байланысқа шығып, тергеу өткізеді, оның қорытындысы кейін жария етіледі", - делінген хабарламада.

Еске салайық, мұндай наразылыққа 25 жастағы Альберт Линдердің өлімі себепкер болды. Кейіннен спортшы өзіне қол салғаны белгілі болды. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс бастады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport